ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ (ЖАРИЯ ОФЕРТА)

20.10.2022 редакция

Осы Пайдаланушы келісімінде (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімі) пайдаланылатын барлық терминдер және анықтамалар осы Пайдаланушы келісімінде бекітілген. Пайдаланушы келісімінде бекітілмеген терминдер және анықтамаларда Серіктес жариялаған Пайдаланушы келісіміне қосымшада(бұдан әрі – Қосымша)белгіленген мәндері бар.

Пайдаланушы келісімі қосылу мерзімі шектелмеген (мерзімсіз әрекет ететін) жария оферта (бұдан әрі – Оферта) болып табылады.

Сұхбаткердің Сайтта Есептік жазба жасауда көрсетілген бағдарлыіс-қимылдарды жасауы Пайдаланушы келісімінің акцепті болып танылады. Пайдаланушы келісімінің шарттары мен ережелерін акцептелуімен бір мезгілде Есептік жазбаны жасай отырып, СұхбаткерҚосымшаның шарттары мен ережелерін акцептейді және осы Пайдаланушы келісіміне және Қосымшаға қосылған болып есептеледі. Әкімші, Серіктес және Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінің шарттарын да, Қосымшаларды да қабылдайды және сақтауға міндеттенеді; Қосымшаның ережелері осы Пайдаланушы келісімімен реттелмеген тараптардың құқықтық қатынастарына және керісінше қолданылады.

Пайдаланушы келісімін қабылдай отырып, СұхбаткерӘкімшіге оның дербес деректерін өңдеуге келісім береді.

Сұхбаткердің осы Пайдаланушы келісімінің қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда, СұхбаткерСайттың Қызметтерін пайдалануға құқылы емес. Егер Сұхбаткер өзгерістер жарияланғаннан кейін Сайт Қызметтерін пайдалануды жалғастырса, сол арқылы ол Пайдаланушы келісімінің шарттарындағы өзгерістерді толық көлемде қабылдайды деп саналады.

Сайтты, оның ішінде Сайт Қызметтерін пайдалану кезінде Әкімшінің, Серіктестің және Сұхбаткердің құқықтық қатынастары Пайдаланушы келісімімен, Қосымшамен және Құпиялылық саясатымен (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты)реттеледі.

1. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

Сайттың домендік атауы – https://oy.kz/.

Әкімші – LLC Online Research, тіркеу нөмірі 213162-3301-ООО, мекен-жайы: Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы.
Кері байланыс нысаны — электрондық пошта мекен-жайы: help.oy@polls.expert.

Сұхбаткер елі – Қазақстан.

2. ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІНІҢ МӘНІ

2.1.           Осы Пайдаланушы келісімі бойынша Әкімші СұхбаткергеСұхбаткердіңСауалнамаларға қатысу мақсаттары үшін қарапайым (айрықша емес) лицензия шарттарында Сайт Қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді, ал СұхбаткерСайт Қызметтерінпайдалану кезінде осы Пайдаланушы келісімінің ережелерін және Сайттың жекелеген Қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттарын реттейтін және Сайтта орналастырылған басқа да құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

2.2.           Сайттың ҚызметтеріСұхбаткергеСеріктестің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып ұсынылады, осыған байланысты Сұхбаткерді Сайтта тіркеу, Есептік жазбаны бұғаттау тәртібі, сондай-ақ Сұхбаткер пен Серіктес арасында тікелей туындайтын басқа да өзара қарым-қатынастар Қосымшаменреттеледі.

2.3.           Сайт Қызметтері Сұхбаткерге тегін беріледі.

2.4.           Сайттың Қызметтерін пайдалану үшін Сұхбаткер Интернет желісіне өз бетінше қол жеткізуді қамтамасыз етуі, Сайттың веб-интерфейсімен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуы, сондай-ақ Сайтта тіркелу рәсімінен өтуі қажет.

3. СҰХБАТКЕР ПЕН ӘКІМШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1.           Сұхбаткердің құқықтары мен міндеттері Қосымшамен реттеледі.

3.2.           Әкімші құқылы:

3.2.1.      Сұхбаткер осы Пайдаланушы келісімінің кіріспесінде көрсетілген құжаттардың шарттарын сақтаған жағдайда СұхбаткергеСауалнамалардан өту үшін Сайт Қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беру;

3.2.2.      кез келген уақытта, ескертусіз, осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына толықтыруға, редакциялауға немесе басқа да тәсілмен өзгерістер енгізуге;

3.2.3.      кез келген уақытта өз қалауыбойынша Сайт Қызметтерін қосуға, жойюға немесе өзгертуге;

3.2.4.      Сауалнамаларға қатысу үшін Сұхбаткерлерді шақыруға;

3.2.5.      Сауалнаманың нысаналы аудиториясының өлшемшарттарын қанағаттандырмайтын Сауалнамаларға қатысуға Сұхбаткерлерді шақырмауға бас тартуға немесе басқа  себептер бойынша, бұл ретте Әкімші мұндай бас тартулардың себептерін ашуға міндетті емес;

3.2.6.      егер осы Пайдаланушы келісімінің шарттарынан өзгеше тікелей туындамаса, сауалнамалар аясындаСұхбаткердің сұрақтарға жауаптары бар иесіздендірілген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;

3.2.7.      СұхбаткердіңСайт Қызметтеріне кіруіне тосқауыл қою, Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінде, Қосымшада, сондай-ақ басқа да негіздер бойынша белгіленген міндеттерді бұзған кезде осы Пайдаланушы келісімін бұзуға;

3.2.8.      техникалық себептер бойынша Сайттың және Сайттың Қызметтерінің жұмысын тоқтата тұруға.

3.3.           Әкімші міндеттенеді:

3.3.1.      Сұхбаткердің дербес деректерін өңдеу, олардың құпиялылығын сақтау және осы Пайдаланушы келісімінің, Қосымшаныңшарттарына және Құпиялылық саясатына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

4.1.           Пайдаланушы келісімінің осы бөлімінде, сондай-ақ Құпиялылық саясатында Сұхбаткердің дербес деректерін жинау, өңдеу және беру шарттары, тәртібі белгіленеді.

4.2.           Сұхбаткердің дербес деректерін өңдеу Сұхбаткердің Құпиялылық саясатымен келіскен және Сайтта Тіркелу кезінде өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.

4.3.           Кейбір жағдайларда Сауалнама Сайтында Дербес деректерді жинау және өңдеу жүргізіледі. Бұл кездеСұхбаткерсауалнаманы ұйымдастырушы — үшінші тұлғамен жеке келісімге қол қояды, Сұхбаткердің сауалнаманы ұйымдастырушы жинаған дербес деректерін өңдегені үшін Әкімші мен Серіктес ешқандай жауапкершілік тартпайды. Сұхбаткердің мұндай Сауалнамаларға қатыспауға құқығы бар.

4.4.           Сұхбаткер Құпиялылық саясатының ережелерімен келіседі және оны толық көлемде қабылдайды.

4.5.           СұхбаткерДербес деректерді өңдеуге келісімді Есептік жазбаны жою арқылы кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. СұхбаткерДербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алған сәттен бастап СұхбаткергеСайт Қызметтеріне кіруге тыйым салынады, осы Пайдаланушы келісімі бұзылған болып есептеледі.

5. СҰХБАТКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1.           Сұхбаткер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Пайдаланушы келісімі бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5.2.           Үшінші тұлғалар Әкімшіге, Серіктеске немесе олардың клиенттеріне СұхбаткердіңӘкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің зияткерлік меншігін бұзуына байланысты немесе Сұхбаткердің зияткерлік меншігі бар Сұхбаткер орналастырған материалдармен байланысты қандай да бір талаптар қойған жағдайда, Сұхбаткербұл талаптар бойынша дербес барлық жауапкершілікті өзі көтереді. Әкімшіні, Серіктесті немесе олардың клиенттерін жауапқа тартқан жағдайда, соңғысы Сұхбаткерге қойылған талаптар шеңберінде олар шеккен залалдарды өндіріп алу туралы кері талаптар қоюға құқылы.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ

6.1.           Әкімші Сайтты және (немесе) Сайт Қызметтерін пайдалану нәтижесінде туындаған залалдар үшін Сұхбаткер алдында жауап бермейді.

6.2.           Сұхбаткеркелесіні түсінеді және келіседі:

6.2.1.      СұхбаткерСайтты нар тәуекел деп пайдаланады. Сайт Қызметтері «қалай бар», солай ұсынылады;

6.2.2.      Әкімші Сайт Қызметтері мен Сайт Сұхбаткердің талаптарына сәйкес келеді; үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз қамтамасыз етіледі; Сайт қызметтерін пайдалану арқылы алуға болатын нәтижелер дәл және сенімді болады; Сайт Қызметтерін пайдалану арқылы алынған кез келген өнімнің, қызметтің, ақпараттың және басқалардың сапасы,  Сұхбаткердің күткеніне сәйкес келеді; бағдарламалардағы барлық қателер түзетіледідегенге кепілдік бермейді.

6.2.3.      Сұхбаткер Сайт Қызметтерін пайдалана отырып алған кез келген материалдарды Сұхбаткернар тәуекел деппайдаланады.Сұхбаткер осы материалдарды жүктеп алу нәтижесінде Сұхбаткердің құрылғысынақұрылғысына (компьютерге, ноутбукке немесе өзге де құрылғыға)  және Сұхбаткер деректеріне келтіруі мүмкін кез келген зақым үшін жауапты болады.

6.3.           Егер Сауалнаманы Әкімші клиенті ұйымдастырса және Сұхбаткер аталған Сауалнама Сұхбаткерге зиян келтіруі мүмкін немесе Сауалнама Сұхбаткер үшін басқа себептер бойынша қолайсыз болып табылса, Сұхбаткер мұндай Сауалнамадан өтуден бас тартуы тиіс. Сауалнамаға қатыса отырып, Сұхбаткер осындай Сауалнамаға қатысты барлық тәуекелдерді өзіне алады.

7. ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІН ӨЗГЕРТУ

7.1.           Әкімші осы Пайдаланушы келісімінің және оның барлық ажырамас бөліктерінің талаптарын Сұхбаткердің келісімін алмай Сайтта Пайдаланушы келісімінің жаңа редакциясын немесе оның өзгерістерге ұшыраған қандай да бір ажырамас бөлігін орналастыру арқылы соңғысын хабардар ете отырып біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы бар. Пайдаланушы келісімінің және (немесе) оның қандай да бір ажырамас бөлігінің жаңа редакциясы Сайтта жария етілген сәттен бастап күшіне енеді.

7.2.           Осы Пайдаланушы келісімі СұхбаткердіңСайт Қызметтеріне кіруіне бұғаттау қойылған күннен бастап бұзылған болып саналады.

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1.           Осы Пайдаланушы келісімінен туындайтын немесе Пайдаланушы келісімімен байланысты кез келген даулар немесе шағымдар тараптар талап қою тәртібімен шешуге ұмтылатын болады.  Келісімге келмеген кезде дау әкімшінің орналасқан жері бойынша сотта қаралуға тиіс.

8.2.           Осы Пайдаланушы келісімі ақысыз сипатта болады, сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормалар осы Пайдаланушы келісіміне қолданылмайды.