ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІНЕ ҚОСЫМША (ЖАРИЯ ОФЕРТА)

20.10.2022 редакция

Пайдаланушы келісіміне осы Қосымшада(бұдан әрі – Қосымша) пайдаланылатын барлық терминдер мен анықтамалар осы Қосымшада бекітілген. Қосымшада бекітілмеген терминдер мен анықтамалардың Әкімші жариялаған және Сұхбаткер акцептеген Пайдаланушы келісімінде (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімі) белгіленген мәндері бар.

Қосымша қосылу мерзімі шектелмеген (мерзімсіз әрекет ететін) жария оферта (бұдан әрі – Оферта) болып табылады. Қосымша Пайдаланушы келісіміне қосымша болып табылады, яғни Әкімші, Серіктес және Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінің шарттарын да, осы Қосымшаны да қабылдайды және орындауға міндеттенеді; тараптардың Қосымшамен реттелмеген құқықтық қатынастарына, Пайдаланушы келісімінің ережелері қолданылады және керісінше болады. Пайдаланушы келісімі мен Қосымша арасында қайшылықтар болған кезде Қосымша ережелері қолданылады.

Сұхбаткердің Сайтта Есептік жазба жасауда көрсетілген бағдарлы іс-қимылдарды жасауы Қосымшаның акцепті болып танылады. Қосымшаның шарттары мен ережелерін акцептеумен бір мезгілде Есептік жазбаны жасай отырып, Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінің шарттары мен ережелерін акцептейді және осы Қосымшаға және Пайдаланушы келісіміне қосылған болып есептеледі. Қосымшаны қабылдай отырып, СұхбаткерСеріктеске өзінің жеке деректерін өңдеуге келісім береді.

Сұхбаткер осы Қосымшаның қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда, СұхбаткерСайттың Қызметтерін пайдалануға құқығы жоқ. Егер Сұхбаткер өзгерістер жарияланғаннан кейін Сайт Қызметтерін пайдалануды жалғастыра берсе, сол арқылы ол Қосымшаның шарттарының өзгерістерін толық көлемде қабылдайды деп есептеледі.

1. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Сайт – Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Сайттың Домендік атауы бойынша Интернет желісі арқылы қолжетімділік қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық есептеу машиналары жәнебасқа да ақпаратқа арналған бағдарламалар жиынтығы.

Сайт Қызметтері – Сауалнамалар арқылы Сұхбаткерлердің әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулерге қатысуын ұйымдастыру мақсатында Сұхбаткерге ұсынылатын Сайттың атқарымдық мүмкіндіктері, құралдары мен қызметтері.

Сауалнама сайты— Сауалнама жүргізілетін үшінші тұлғаларға тиесілі Сайт немесе сайт.

Әкімші-сайт иесі.

Сұхбаткер-Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Сұхбаткер елінің заңнамасына сәйкес тиісті әрекет қабілеттілігі бар және Сайтта Тіркеуден өткен жеке тұлға.

Егер Қолданыстағы заңнамада басқасы белгіленбесе, 12 жасқа толмаған тұлғалар, сондай – ақ Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің 16 жасқа толмаған азаматтары Сұхбаткер бола алмайды. Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінің осы тармағының талаптарына жауап беретінін мәлімдейді және кепілдік береді.

Серіктес — LLC Online Research (тіркеу нөмірі 213162-3301-ООО, мекен-жайы: Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы), Сұхбаткерлерге Сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің иесі болып табылады.

Сауалнама— берілген тақырып бойынша Сұхбаткерден ақпаратты онлайн жинау және Әкімшіге, Серіктеске және (немесе) олардың клиенттеріне беру, алынған деректерді жинақтау, жалпылау, өңдеу, Сауалнама нәтижелері туралы қорытындыларды қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жиынтығында көрінетін бастапқы ақпаратты жинау тәсілі. Сауалнама Әкімшімен, Серіктеспен немесе олардың клиенттерімен ұйымдастырыла алады.

Сайтта Тіркелу-Сұхбаткердің осы Пайдаланушы келісімімен және осы Пайдаланушы келісімінің кіріспесінде көрсетілген басқа да құжаттармен толық келісімін білдіретін Есептік жазба жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің  жиынтығы.

Есептік жазба-Сұхбаткердіңшартты сәйкестендіру деректерінің жиыны, ол арқылы Сұхбаткер Сайт Қызметтеріне қол жеткізуді жүзеге асырады.

Жеке кабинет-Сұхбаткер туралы ақпарат орналастырылған және Сайт Қызметтері ұсынылған Сайттың жабық аумағының бөлігі.

Кері байланыс нысаны-Пайдаланушы келісімінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайы.

Зияткерлік меншік – зияткерлік қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген құқықтық қорғау ұсынылатын заңды тұлғаларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және кәсіпорындарды дараландыру құралдары (оның ішінде Сайт, Сайт Қызметтері, бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер қоры, фирмалық атаулар, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері, графикалық бейнелер, фотосуреттер, бейнеөнімдер, коммерциялық белгілер және басқа да зияткерлік қызмет нәтижелері).

Сұхбаткердің Зияткерлік меншігі— Сайт Қызметтерін немесе Сауалнама Сайттарын пайдалана отырып, Сұхбаткер беретін/ орналастыратын Зияткерлік меншік.

Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігі- Сайт Қызметтерін пайдалану және Сауалнамалардан өту кезінде Сұхбаткерге қойылатын Әкімшіге, Серіктеске немесе олардың клиенттеріне немесе басқа да үшінші тұлғаларға тиесілі Зияткерлік меншік.

Құпия ақпарат-оларды ұсыну нысанына тәуелсіз ақпарат немесе мәліметтер:

— Сауалнамадан өту кезінде (сауалнама сұрақтарын, тауарлар/ қызметтердің сипаттамасын және т. б. қоса алғанда)Сұхбаткерге ұсынылатын Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігі;

— Әкімшінің, Серіктестің және олардың клиенттерінің қызметіне қатысты мәліметтер (қаржылық, техникалық, өндірістік және басқа сипаттағы ақпарат, Әкімші, Серіктес және олардың клиенттері пайдаланған немесе әзірлеген әдістер, технологиялар, идеялар, тұжырымдамалар, құралдар, ЭЕМ бағдарламаларының құрамдас бөліктері туралы кез келген мәліметтер, Әкімшінің, Серіктестің және олардың клиенттерінің ұйымдастырушылық көріністері туралы мәліметтер, Әкімшінің, Серіктестің және олардың клиенттерінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдері туралы мәліметтер)

— Сайтты, Сайт Қызметтерін, Сауалнама сайттарын пайдалану кезінде Сұхбаткер алған және Әкімшіге, Серіктеске және олардың клиенттеріне қандай да бір қатысы бар, оның үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты нақты немесе әлеуетті құндылығы бар кез келген өзге ақпарат;

— Әкімшінің, Серіктестің және (немесе) олардың клиенттерінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпарат;

— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпияға жатқызылған өзге ақпарат.

Қолданыстағы заңнама – Пайдаланушы келісімінде, Қосымшада және Құпиялылық саясатында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қырғызстан Республикасының заңнамасы.

Авторландыру қызметтері-пайдаланушыны авторландыру және сәйкестендіру үшін, сондай-ақ Сұхбаткерді тіркеу кезінде бейіндік ақпаратты автоматты түрде толтыру үшін пайдаланылатын Google сайтының және басқа да осыған ұқсас қызметтердің қолданбалы интерфейсі.

2. ҚОСЫМША МӘНІ
2.1. Осы Қосымша бойынша Серіктес Сұхбаткердің сауалнамаларға қатысуын ұйымдастыру мақсаттары үшін қарапайым (айрықша емес) лицензия шарттарында Сұхбаткерге Сайт Қызметтеріне қол жеткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалану құқығын беруге келісімін білдіреді, ал Сұхбаткер СайтҚызметтерін пайдалану барысында осы Қосымшаның ережелерін және жекелеген Сайттарды ұсыну тәртібі мен шарттарын реттейтінсайттың жекелеген сервистерін ұсыну тәртібі мен шарттарын регламенттейтін және сайтта орналастырылған басқа құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

2.2. Сұхбаткердің Сайт Қызметтерін пайдалануы оның міндеті емес, Сұхбаткердің құқығы болып табылады.

2.3. Сұхбаткер болуға келісе отырып, жеке тұлға Сауалнамаларға қатысу үшін шақырулар алатынына келіседі.

3. САЙТ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
3.1. Сайт Қызметтері Сұхбаткерге оның әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулерге қатысуы үшін тегін ұсынылады.

3.2. Сауалнамаларға қатысуға шақырулар Сұхбаткерлерге электрондық пошта, SMS-хабарламалар, ұялы телефон нөміріне қоңыраулар, интернет-браузердегі push-хабарламалар, әлеуметтік желілердегі және жедел хабар алмасу қызметтеріндегі жеке хабарламалар арқылы, сонымен бірге басқа да тәсілдермен жіберілуі мүмкін.

3.3. Сұхбаткердің Сайт Қызметтеріне қызығушылығын қолдау, сонымен қатар оларды ілгерілету, жаңа Сұхбаткерлерді тарту және тіркелген Сұхбаткерлердің белсенділігін арттыру мақсатында Сұхбаткерлерге Серіктес, сондай-ақ Әкімші мен Серіктес клиенттері ұйымдастырған Бонустық бағдарламаларға қатысу ұсынылуы мүмкін. Бонустар Серіктес тиісті бағдарламаларда немесе Әкімші немесе Серіктес клиенттері белгілеген шарттарға сәйкес есептеледі және пайдаланылады. Осы Қосымшаны қабылдай отырып, Сұхбаткер қолданыстағы бонустық бағдарламаны қабылдайды.

4. САЙТТА ТІРКЕЛУ. ЕСЕПТІК ЖАЗБА
4.1. Сайтта Тіркелу Сұхбаткер келесі іс-қимылдарды дәйекті түрде жасаған жағдайда ғана мүмкін болады:

4.1.1. Сұхбаткер Пайдаланушы келісімінің, осы Қосымшаның, Құпиялылық саясатының толық және сөзсіз акцептін жүзеге асырады, сондай-ақ өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер келесі іс-қимылдарды дәйекті түрде орындау арқылы жүзеге асырылады:

— Пайдаланушы келісімінің, осы Қосымшаның, Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакцияларының шарттарымен, Сайттағы дербес деректерді өңдеуге келісім мәтінімен танысу;

— Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакцияларының, осы Қосымшаның, Құпиялылық саясатының шарттарымен келісім білдіру және Сайтта жоғарыда көрсетілген құжаттарға белсенді сілтемелердің жанындағы арнайы өрісте [ТІРКЕЛУ] түймешесін басу жолымен дербес деректерді өңдеуге келісім мәтінінде баяндалған шарттарда дербес деректерді өңдеуге келісім білдіру.

4.1.2. Алдыңғы тармақта белгіленгеніс-қимылдар жасалғаннан кейін Сұхбаткер Тіркелу рәсімінен өтуге құқылы, оның нәтижесінде Сайт Қызметтеріне қол жеткізу үшін Сұхбаткердің бірегей Есептік жазбасы жасалады. Тіркелу рәсімінен өту үшін пайдаланушы тіркеу нысанын толтыруы қажет.

4.1.3. Тіркелу барысында Сұхбаткер өзініңЕсептік жазбасына кіру үшін логин (электрондық пошта мекен-жайы) мен құпия сөзді қояды. Сұхбаткер өзінің логині мен құпия сөзінің сенімділігі мен қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ Сұхбаткердің логині мен құпия сөзі авторландырудан кейін Сайтта жасалатын барлық нәрсе үшін дербес жауапты болады.

4.1.4. Сайтта тіркелу Сұхбаткер нысанның барлық міндетті өрістеріне ақпаратты дұрыс енгізгеннен кейін аяқталды деп есептеледі.

4.2. Сұхбаткер авторландыруҚызметтерін пайдалана отырып тіркеле алады.

4.3. Сайт Қызметтерін пайдалану барысында Сұхбаткер өзі туралы мәліметтерді (оның ішінде авторландыру Қызметтерінен алынатын)беру туралы дербес және өз еркімен шешім қабылдайды.

5. СҰХБАТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Сұхбаткер құқылы:

5.1.1. Пайдаланушы келісімінде және осы Қосымшада белгіленген тәртіппен және шарттарда Сауалнамаларға тегін қатысуға;

5.1.2. Сауалнамаларға қатысу тәртібі мен шарттары туралы ақпарат алуға;

5.1.3. себебін түсіндірмей Сауалнамаға қатысудан бас тартуға;

5.1.4. бұл өзгерістер мен түзетулер өзекті және шынайы ақпаратты қамтыған кезде, Сұхбаткердің Есептік жазбасында өзі туралы ақпаратқа өзгерістер мен түзетулер дербес енгізуге;

5.1.5. Сұхбаткердің пікірінше, кері байланыс нысанын пайдаланып шағым жіберу жолымен оның құқықтарын бұзатын жағымсыз қылықтарына шағымдануға;

5.1.6. өзінің бастамасы бойынша Сайттың нұсқауларына сәйкес кез келген уақытта Есептік жазбасын жойюға.

5.2. Сұхбаткер міндеттенеді:

5.2.1. Пайдаланушы келісімінің және осы Қосымшаның шарттарын сақтауға;

5.2.2. Сайтта Тіркелу барысында сұралатын шынайы деректерді ұсынуға, Тіркелу нысанында ұсынылатын барлық мәселелер бойынша өзі туралы нақты, толық және дәйекті ақпаратты көрсетуге, ұсынылған ақпаратты өзекті күйде ұстауға;

5.2.3. Қолданыстағы заңнамада белгіленген жасқа толғанға дейін Есептік жазба жасамауға;

5.2.4. әрекет ететін Есептік жазба болған жағдайда Сайтта қайта Тіркелуден өтпеуге;

5.2.5. Есептік жазбаға кіру үшін жасалған құпия сөздің сенімділігі үшін, оның ішінде авторландыруҚызметтерін пайдалана отырып Тіркелу кезінде жауаптылықта болу, құпия сһздің сақталуын, оның ішінде пайдаланылатын жабдыққа антивирустық бағдарламаларды орнату арқылы қамтамасыз етуге. Құпия сөзді ешкімге бермеуге және өзінің Есептік жазбасына үшінші тұлғаларға кіру үшін басқа жолмен рұқсат бермеуге, сондай-ақ өзінің Есептік жазбасын үшінші тұлғаларға бермеуге;

5.2.6. Сауалнамалардан өту барысында адал әрекет ету, ақпараттық, мазмұнды, дәйекті, қайшылықсыз, сондай-ақ сұрақтарға толық жауап беруге. Сауалнама тақырыбына жатпайтын, балағат сөздерді, сандар жиынтығын, тыныс белгілері мен мағыналық жүктемесі жоқ, бір-біріне немесе жалпы мағынаға қайшы келетін әріптерді және т. б. қамтитын жауаптар, сондай-ақ біле тұра жалған жауаптар байыпсыз болып саналады;

5.2.7. Сұхбаткердің Есептік жазбасына рұқсатсыз (Сұхбаткер рұқсат етпеген) қол жеткізудің кез келген жағдайы туралы және (немесе) кері байланыс Нысаны бойынша хат жолдау арқылы Сұхбаткердің деректер қауіпсіздігінің кез келген бұзылуы туралы дереу хабардар етуге;

5.2.8. Сайтты келесігепайдаланбау:

— үшінші тұлғалардың құқықтары және оларға кез келген нысанда зиян келтіру;

— өзін басқа тұлға немесе ұйымның және (немесе) қоғамдастықтың өкілі ретінде жеткілікті құқықтарсыз ұсыну, сондай-ақ қандай да бір субъектілердің немесе объектілердің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты жаңылыстыру;

— басқа Сұхбаткерлердің дербес деректерін жинау және сақтау;

— зиянды және (немесе) заңсыз болып табылатын: дөрекі, қатер төндіретін, адамгершілікті қорлайтын, порнографиялық, жала жабатын, нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша адамдарды жек көруді және (немесе) кемсітуді насихаттайтын, үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын;

— Сұхбаткердің заң бойынша немесе қандай да бір шарттық қатынастарға сәйкес қолжетімді етуге құқығы жоқ;

-қандай да бір патентке, сауда маркасына, коммерциялық құпияға, копирайтқа немесе үшінші тараптың басқа да зияткерлік құқықтарына әсер ететін;

— арнайы рұқсат етілмеген жарнамалық ақпарат, спам, алаяқтық және өзге де ұқсас сызбалар (мысалы, «пирамидалар», «бақыт хаттары» және т. б.);

— кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың атқарымдылығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге арналған вирустарды немесе басқа компьютерлік кодтарды, файлдарды немесе бағдарламаларды, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдерге топтапмалық нөмірлерді және оларды генерациялауға арналған бағдарламаларды, ақылы қорларға рұқсатсыз қол жеткізуге арналған логиндерді, құпия сөздерді және басқа да құралдарды қамтитын Интернетте, сонымен қатар жоғарыда аталған ақпаратқа сілтемелерді орналастыру.

5.2.9. Бағдарламалық қамтамасыз етуді көшірмеу немесе өзгертпеу; бағдарламалық қамтамасыз етуден алынған бағдарламалар жасамау; бағдарламалық кодты алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге кірмеу;

5.2.10. Сайтқа немесе Сайт Қызметтеріне кіру құқығын кез келген басқа нысанда сатуды, басқаға беруді, жалға беруді, үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асырмауға;

5.2.11. тиісті сұраулар немесе жарнаманың мәтінінде немесе тақырыбында Сайттың атауымен араласу дәрежесіне ұқсас сөздер немесе сөз тіркестері болған кезде, контекстік сұраулар бойынша жарнаманы көрсету қызметтерін ұсынатын Интернет желісінің кез келген қызметтерінде оның рефералдық сілтемесін пайдаланатын контекстік жарнаманы орналастырмауға тиіс. Сондай-ақ, Сұхбаткер өзінің рефералдық сілтемесін қамтитын email, әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде спам-жіберулерді жүзеге асырмауға міндеттенеді;

5.2.12. Пайдаланушы келісімінің ережелеріне сәйкес қатаң құпиялылықты сақтау және үшінші тұлғаларға Құпия ақпаратты жарияламау;

5.2.13. Сұхбаткер елінен тыс жерде Сауалнамадан өтпеу;

5.2.14. Сұхбаткерөз Елінен басқа елге тұрақты тұруға кеткен кезде — Серіктес пен Әкімшіге қойылатын қандай да бір талаптардан бас тарту және өз Есептік жазбасын жою.

6. СЕРІКТЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Серіктес құқылы:

6.1.1. кез келген уақытта, хабарлаусыз, осы Қосымшаның шарттарына толықтыруға, редакциялауға немесе басқа тәсілмен өзгерістер енгізуге;

6.1.2. Сауалнамаларға қатысу үшін Сұхбаткерлерді шақыруға;

6.1.3. Сауалнаманың нысаналы аудиториясының өлшемшарттарын қанағаттандырмайтын Сауалнамаларға қатысуға немесебасқа себептер бойынша Сұхбаткерлерді шақырмауға/бас тартуға, бұл ретте Серіктес мұндай бас тартулардың себептерін ашуға міндетті емес;

6.1.4. егер осы Қосымшаның шарттарынан басқасы тікелей туындамаса, Сауалнамалар аясындаСұхбаткердің сұрақтарға жауаптары бар иесіздендірілген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;

6.1.5. Сұхбаткердің Сайт Қызметтеріне кіруіне тосқауыл қою, Сұхбаткер осы Қосымшада белгіленген міндеттерді бұзған кезде осы Қосымшаны бұзуға;

6.1.6. Сайттың бағдарламалық-аппараттық кешенінде Сайт пен Сайт Қызметтерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізуге.

6.2. Серіктес міндеттенеді:

6.2.1. Сауалнамалардан өту үшін Сұхбаткерге Сайт Қызметтеріне тегін қолжетімділік беруге;

6.2.2. Сұхбаткердің Дербес деректерін өңдеу, олардың құпиялылығын сақтау және осы Қосымшаның және Құпиялылық саясатының шарттарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етуге.

7. САЙТ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ КІРУДІ БҰҒАТТАУ

7.1. Сұхбаткердің Сайт Қызметтеріне кіруін бұғаттау келеі жағдайларда жүзеге асырылады:

7.1.1. Сұхбаткердің өзінің Есептік жазбасын жоюы;

7.1.2. Сұхбаткердің дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алуы;

7.1.3. Сұхбаткер мәртебесінің осы Қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі бөлігінде өзгеруі;

7.1.4. СұхбаткердіңҚосымшамен белгіленген міндеттемелерді бұзу дерегін анықтау.

7.2. Егер Сұхбаткер Сайт Қызметтерін пайдаланбаса және алдыңғы 6 (алты) ай ішінде Сайт Қызметтері арқылы жүргізілетін кез келген Сауалнамаға қатыспаса, Сұхбаткердің Есептік жазбасы бұғатталуы мүмкін.

7.3. Сұхбаткер Әкімші мен Серіктес Сайт Қызметтеріне кіруді бұғаттағаны үшін оның алдында ешқандай жауапкершілік көтермейтініне келіседі.

7.4. Сұхбаткердің Сайт Қызметтеріне қол жеткізуі бұғатталған күннен бастап осы Қосымша тоқтатылды деп есептеледі.

8. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
8.1. Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігі:

8.1.1. Сұхбаткер Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігі заңды түрде қорғалғанын мойындайды және келіседі.

8.1.2. СұхбаткергеСұхбаткердің Сауалнамаларға қатысуы үшін қажетті көлемде Сайтты, Сайт Қызметтерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға тегін қарапайым (айрықша емес) лицензия ұсынылады.

8.1.3. Сұхбаткерге осы Қосымшаның алдыңғы тармағында аталған құқықтарды қоспағанда, Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігіне ешқандай басқа құқықтар берілмейді, оның ішінде СұхбаткергеӘкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиенттерінің Зияткерлік меншігіне қатысты беруге, иеліктен шығаруға, сатуға, көшіруге, таратуға, өзгертуге және басқа да жолмен билік етуге тыйым салынады.

8.2. СұхбаткердіңЗияткерлік меншігі:

8.2.1. Сауалнама барысында материалдарды орналастыра отырып, СұхбаткерӘкімшіге, Серіктеске және олардың клиенттеріне (Сауалнаманы ұйымдастырушы және Тапсырыс беруші болып табылатын) аумақты және оның қолданылу мерзімін шектемей, аталған материалдарға материалдарды кез келген заңмен тыйым салынбаған әдіспен, оның ішінде жариялаумен жаңғырту, көрсету, көшіру, цифрлық өңдеу арқылы пайдалану құқығымен тегін қарапайым (айрықша емес) лицензия береді, сонымен қатар жоғарыда аталған құқықтарды кез келген үшінші тұлғаларға беруге (сублицензиялар беруге), оның ішінде трансшекаралық беруге құқығы бар.

8.2.2. Сайтта және Сауалнама Сайттарында материалдарды орналастыру арқылы Сұхбаткеркелесіге кепілдік береді:

— орналастырылатын материалдардың заңды құқық иесі болып табылады және материалдарды жария етіп, Сұхбаткер үшінші тұлғалардың құқықтарын немесе қолданыстағы келісімдердің талаптарын бұзбайды;

— Сұхбаткер материалдарға, оның ішінде құпиялылықты сақтауға қатысты қандай да бір міндеттемелермен байланысты емес.

9. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
9.1. Сұхбаткердің Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, сондай-ақ Құпия ақпаратты ашу және оған кез келген басқа қолжетімділік-  Құпия ақпарат ашылған Сауалнамаға тапсырыс беруші болып табылатын Әкімшінің, Серіктестің немесе олардың клиентінің жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

9.2. Сұхбаткер Құпия ақпаратты сақтау үшін барлық шараларды қолданады.

9.3. Құпия ақпаратты жариялағаны үшін Сұхбаткер қолданыстағы заңнамада белгіленген жауаптылық тартады.

10. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

10.1. Серіктестің Сұхбаткердің дербес деректерін өңдеуіне қатысты Құпиялылық саясатының ережелері, сондай-ақ Пайдаланушы келісімінің ережелері қолданылады.

11. СҰХБАТКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
11.1. Сұхбаткер Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Қосымша бойынша өзіне қабылданған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықта болады.

11.2. СұхбаткерҚосымша шарттарын сақтамау Әкімшіге, Серіктеске және (немесе) олардың клиенттеріне елеулі залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін екенін түсінеді. Осыған байланысты Әкімші, Серіктес, клиент Сұхбаткерден өзі келтірген залалды өтеуді талап етуге құқығы бар.

12. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ
12.1. Серіктес Сайтты және (немесе) Сайттың Қызметтерін пайдалану барысында туындаған залалдар үшін Сұхбаткер алдында жауапты болмайды, сондай-ақ Сұхбаткер пен үшінші тұлғалар арасындағы қандай да бір шарттар бойынша жауапкершіліктартпайды.

12.2. Сұхбаткер Серіктес Сайт Қызметтеріне кіруді бұғаттағаны үшін оның алдында ешқандай жауапкершілік көтермейтініне келіседі.

13. ҚОСЫМШАНЫ ӨЗГЕРТУ
13.1. Серіктес осы Қосымшаның және оның барлық ажырамас бөліктерінің шарттарын Сұхбаткердің келісімінсіз біржақты тәртіппен Қосымшаның жаңа редакциясын немесе оның өзгерістерге ұшыраған қандай да бір ажырамас бөлігін Сайтта орналастыру арқылы соңғысын хабардар ете отырып өзгертуге құқығы бар. Қосымшаның және (немесе) оның қандай да бір ажырамас бөлігінің жаңа редакциясы Сайтта жария етілген сәттен бастап күшіне енеді.

14. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
14.1. Осы Қосымшадан туындайтын немесе Қосымшамен байланысты кез келген даулар немесе шағымдар Тараптар талап қою тәртібімен шешуге ұмтылатын болады. Келісімге келмеген жағдайда, дау Серіктес орналасқан жердегі сотта қаралуға тиіс.

14.2. Осы Қосымша өтеусіз сипатта болады, осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормалар осы Қосымшада қолданылмайды.